Astana International Exchange (AІХ, Биржа) AIX-те тау-кен секторы кәсіпорындарының қаржыландыруды тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған тау-кен компанияларына арналған қағидалардың (Қағидалар) енгізілгені туралы хабарлайды. Тиісті шешімді «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қабылдады.
Инвесторлар үшін тартымдылықты арттыру мақсатында Қағидаларда ірі тау-кен компанияларын дамудың озық сатыларында (1-деңгей) тұрған және тәуекелдің неғұрлым жоғары дәрежесі мен әлеуетті неғұрлым жоғары табыстылық (2-деңгей) тән юниорлық компаниялар ретінде бөлетін сараланған тәсіл қолданылды.
Тау-кен компаниялары берілген деңгейге байланысты таза пайданың болуы және шығарылатын акциялардың ең төменгі нарықтық капитализациясы сияқты AIX листингі бойынша бірқатар талаптардан босатылатын болады. Бұл ретте эмитенттер білікті менеджмент пен техникалық персоналдың болуын, сондай-ақ JORC, NI 43-101 және KAZRC озық халықаралық стандарттарына сәйкес тәуелсіз сарапшылар растаған геологиялық есептілікті көрсетуге міндетті болады.
*Осы пресс-релиз AIX Business Rules BRG 1.3.1 ережесіне сәйкес Хабарлама болып табылады