Overview CSD

Astana International Exchange Central Securities Depository Limited (AIX CSD)
AIX CSD – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген жеке компания. Біз қолма-қол және бағалы қағаздар бойынша күнделікті есеп айырысудың жүргізілуіне, сондай-ақ депозитарлық қызметке жауаптымыз.
Astana International Exchange Registrar Limited (AIX Registrar)
AIX Registrar – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) заңнамасына сәйкес тіркелген жеке компания. Біз акционерлердің орталық тізілімін сақтауға және жүргізуге жауаптымыз.
Толығырақ оқуОперациялық модель
- Біз BIS Model II моделін қолданамыз, онда бағалы қағаздарды беру жалпы негізде, ал ақшалай есеп айырысу – таза сома негізінде жүзеге асырылады. Бұл модель тиімділікті арттырады және контрагенттің тәуекелін азайтады.
- Биржадағы мәмілелер үшін есеп айырысу циклі T+2 құрайды, бұл мәміле жасалған күннен кейін екі жұмыс күнінен кейін есеп айырысуды білдіреді.
- Биржадан тыс мәмілелер үшін есеп айырысу циклі қатысушылардың нұсқауларымен айқындалады, бұл жеке қажеттіліктерге байланысты икемділікті қамтамасыз етеді.
- Біз есеп айырысулар бойынша нұсқауларды беру/қабылдау мүмкіндігін қамтитын кастодиандық модельді ұсынамыз, бұл бағалы қағаздармен операцияларды өңдеуді жеңілдетеді.
- Есеп айырысу үшін біз бірнеше банктермен, соның ішінде ЦентрКредит Банкімен және Citibank Kazakhstan JSC-мен ынтымақтасамыз.
Технологиялар
- AIX CSD жүйесі мен пайдаланушы интерфейстері сауда-саттықтан кейінгі операцияларға арналған инфрақұрылым және қолданбалардың әлемдік деңгейдегі жеткізушісі Avenir Technology (Avenir) компаниясының шешімдері негізінде жұмыс істейді.
- AIX CSD SWIFT желісін және SWIFT ISO15022 және ISO22022 стандарттарын қолданады.
- AIX CSD халықаралық ақпараттық қауіпсіздік стандарттары: ISO27001 (Ақпараттық қауіпсіздікті басқару), ISO27032 (Киберқауіпсіздікті басқару), ISO 27017 және ISO 27018 (Бұлттық сервистер үшін қауіпсіздік саласындағы үздік практикалар) бойынша қайта сертификаттаудан сәтті өтті.
- Сауда-саттықтан кейінгі тәуекелдер мен депозитарлық сақтауға маманданған жаһандық сарапшылар AIX CSD-ге «A+» жалпы тәуекел бағасын берді, бұл «Төмен тәуекел» дегенді білдіреді.
- AIX CSD Еуропалық орталық депозитарийлер қауымдастығының (ECSDA) қауымдастырылған мүшесі.

Сауда-саттықтан кейінгі тәуекелдер мен депозитарлық сақтауға маманданған жаһандық сарапшылар AIX CSD-ге «A+» жалпы тәуекел бағасын берді, бұл «Төмен тәуекел» дегенді білдіреді.

AIX CSD Еуропалық орталық депозитарийлер қауымдастығының (ECSDA) қауымдастырылған мүшесі.
Лицензиялар
Бізде АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) Компанияларды тіркеушісінің коммерциялық лицензиялары бар.
Реттелетін қызмет түрлері
- Депозитарлық қызмет көрсету
- Ақшалай қызметтерді ұсыну
092018- 001
Негізгі көрсеткіштер
Ашылған инвестор шоттары (2024 жылдың желтоқсанына дейін)
1,83 миллион шот
Биржадан тыс мәмілелер (2024 жылдың қыркүйегіне дейін)
$13,689,753,348.86
274,45% өсім
Биржалық мәмілелер (2024 жылдың қыркүйегіне дейін)
$1,073,151,603.39
72,49% өсім
Қосымша ақпарат алу үшін біздің Жылдық статистикаға кіріңіз | AIX