
Біздің өсуіміз және үздік дарын иелерін тартуымыз үшін көпбейінді және инклюзивті компанияға айналу біз үшін өте маңызды. Біз қызметкерлеріміздің қолдау мен құрметті сезініп, жынысына, жасына, ұлты мен дініне немесе кез келген басқа да сипаттамаларға байланыссыз өз әлеуеттерін толығымен іске асыру мүмкіндігіне ие болуларын қалаймыз. Біз барлық қызметкерлерге ілгерілеу үшін әділ және тең мүмкіндіктерді кепілдендіре отырып, білім алу мен дамуға қолжетімділікті барша үшін қамтамасыз етеміз. Біз қызметкерлерді тек қана олардың жұмыс үшін қажетті біліктілігін, тәжірибесін, қабілеттері мен құзыреттерін ескере отырып қана жұмысқа жалдаймыз, ілгерілетеміз және ынталандырамыз. Біз шығу тегі әртүрлі және көзқарастары әралуан адамдарды жұмысқа тартуға, ұстауға және уәждеуге ұмтыламыз. Біз кемсітушілікке жол бермеу және, мүмкіндігінше, кең гендерлік теңгерімге қол жеткізу саясатын әрқашан ұстанатын боламыз. Біз ерлер мен әйелдердің жұмыс орнындағы теңдігінің маңыздылығын мойындаймыз және біздің адамдарымыздың тең құқықтарға, міндеттер мен мүмкіндіктерге ие болуы туралы қам жейтін боламыз.
Инновациялар мен өзгерістер
- Біз өзгерістерді құптаймыз және инновацияларды енгіземіз
- Біз үнемі даму үстіндеміз және өзімізді, компаниямыз бен қоршаған ортаны жақсартуға тырысамыз
- Біз тәжірибеден қорықпаймыз
- Біз ең заманауи технологияларды жасап, қолданысқа енгіземіз
Кәсіби түрде және қауіпсіз
- Біз нарықтарымызда сенімділікті арттыру үшін өнімдер мен қызметтерді ұсынамыз
- Біз көрсетілетін қызметтердің сапасы жоғары болуына ұмтыламыз
- Біз нарықтар мен азаматтарға арналған сенімді шешімдер жасаймыз
- Біз үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды ұстанамыз
Бір команда
- Біз – AIX-тің біртұтас командасымыз
- Біз бір-бірімізді құрметтейміз және бір-бірімізге сенеміз
- Біз бірге өсіп, даму үшін бір-бірімізді қолдаймыз және сынаймыз
- Біз ортақ мақсаттарға қол жеткіземіз
Биржа қалай жұмыс істейді? Егер сіз өз кәсіби біліктілігіңізге сәйкес келетін бос орынды таппасаңыз және біздің резервке түсуді қаласаңыз, AIX Headhunter бетінде бос орынға өтінім бере аласыз, өз түйіндемеңізді біздің кадр бөліміне жіберіңіз


Біздің компанияда тағылымдамадан өтіңіз!
Тағылымдама бағдарламасының басталғанын қуана хабарлаймыз!
AIX биржасы жас таланттардың жарқырауына жол ашады. Біздің бұл бағдарламамыз жас мамандарға кәсіби ортаға еніп, практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Тағылымгер ретінде сіз көптеген қызықты жобамен таныс боласыз және тәжірибелі топ мүшелерімен тығыз жұмыс істейсіз.
Іріктеу критерийлері:
Іріктеуде әділдік таныту үшін тағылымдамадан өту бағдарламамыздың нақты талаптарын белгіледік. Сол себепті төмендегі критерийлерге сай келетін үміткерлер ғана қарастырылады: 2024 жылғы түлектер;
- кемінде 3,5 GPA бар жақсы академиялық көрсеткіш;
- Коммуникативті дағдылары дамыған және командада жұмыс істей білу;
- белсенді ортаға тез бейімделу және үйрену мүмкіндігі;
- кәсіби және адал еңбек этикасы.
Өтініш беру процесі:
Тағылымдамадан өту бағдарламасына өтініш беру үшін мына нұсқауларды мұқият орындаңыз:
- AIXinterns@aix.kz электронды поштасына төмендегі тақырыппен хат жолдаңыз: «Тағлымдамадан өту туралы өтініш — қызмет атауы" (Сіз өтінім беріп отырған қызмет атауын жазыңыз).
- Электронды хат мәтінінде өзіңіз туралы қысқаша сипаттаманы және неліктен AIX-те тағылымдамадан өту қызықтыратыны туралы жазыңыз.
- Түйіндемеңізді және біліктілігіңіз бен тиісті тәжірибеңізді растайтын құжаттарды қоса жүктеңіз.
- Өтінім туралы нұсқауларды дұрыс орындамау, оның ішінде тақырыптың дұрыс қойылмауы да өтінішіңіздің қарастырылмауына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
- Әрі қарай қарастыру үшін біз тек іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін және жіберген өтініштері нұсқауларға сай үміткерлермен ғана байланысқа шығамыз.
- Өкінішке қарай, өтініштердің көптігіне байланысты, біз барлық өтінім берушілерге жеке жауап бере алмаймыз.

Біз сіздің өтінішіңізді асыға күтеміз!
Әлеуметтік желіде AIX-ке байланысты жаңалықтарды төмендегі сілтемелер арқылы бақылап жүріңіз: