Егер Сіз шағым бергіңіз келсе не істеу керек?
Егер Сіз листингке енгізілген компания немесе AIX сауда қатысушысы AIX немесе AIX CSD бизнес жүргізу қағидаларын бұзды деп санасаңыз, біз Сіздің шағымыңызды қарастыра аламыз.
Егер Сіздің шағымыңыз Сіз бен листингке енгізілген компания немесе сауда қатысушысы арасындағы дауға қатысты болса, алдымен дауды тікелей шешуге тырысуыңыз керек.
AIX-ке шағымды қалай беру керек?
Егер Сіз AIX немесе AIX CSD-ге шағым жолдағыңыз келсе, оны жазбаша түрде баяндап, оқиғаларды хронологиялық тәртіппен сипаттап, тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, болған жағдай туралы мүмкіндігінше толық ақпарат беріңіз. Сіздің шағымыңыз мына мекенжайға жіберілуі тиіс:
Реттеу және комплаенс бөлімі
Астана халықаралық биржасы
Мәңгілік Ел көшесі 55/19, блок C 3.4
Астана қаласы, Қазақстан
Regulation@aix.kz
Әдетте біз шағымды алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде толық жауап жіберуге тырысамыз. Дегенмен, егер біз Сіздің шағымыңызға жауап беру үшін көбірек уақыт қажет болады деп болжасақ, мысалы, басқа тараптан ақпарат сұрауды қажет ету себепті, біз Сізге жауапты күте тұру туралы хабарламамен хат жібере аламыз. Егер біз көмектесе алмасақ, түсініктеме ұсынамыз.
Сіздің шағымыңызды қарау нәтижесінде біз тізімге енгізілген компанияға немесе сауда қатысушысына қатысты тәртіптік істі қарауды бастауымыз мүмкін. Құпиялылықты сақтау жөніндегі міндеттемелер әдетте бізге нормативтік мәселелерді қарау барысы немесе нәтижелері, соның ішінде реттеу және комплаенс бөлімі жүргізетін тергеулер туралы ақпаратты жариялауға мүмкіндік бермейді. Тек айыппұл салу туралы шешім қабылданған жағдайда және ол жарияланған кезде AIX Сізді осы туралы хабардар етуі мүмкін.
Біз Сізге көмек көрсете алмаймыз, егер:
- Сіздің шағымыңыз алты жылдан астам уақыт бұрын болған оқиғаларға қатысты болса. Біздің қағидаларға сәйкес, сауда қатысушылары мәмілелер туралы жазбаларды алты жылдан артық сақтауға міндетті емес;
- Сіздің шағымыңыз сотта қаралып жатқан немесе сот қарауына берілген болса;
- Сіздің шағымыңыз AIX немесе AIX CSD бизнес жүргізу қағидалары қолданысының аясына кірмесе. Бұл, атап айтқанда, инвестициялық консультациялар беруге және листингке енгізілген компанияны коммерциялық басқаруға қатысты бере алатын кез-келген шағымдарыңызға қатысты.
Егер біз шағымды басқа реттеуші орган қарастыруы керек деп есептесек, біз оны тиісті органға жібереміз және Сізге осы туралы хабарлаймыз.
Егер бұл жауап Сізді қанағаттандырмаса, сіз Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетіне https://afsa.aifc.kz/submit-your-complaint/ эл. мекенжайы бойынша хабарласа аласыз.