kz
Редомициляциядан кейін акцияларды тіркеу бойынша нұсқаулық

Осы бөлімде «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) компанияны редомициляциялағаннан кейін акцияларды аудару рәсімі жөніндегі жетекшілік берілген. Мұнда AIX тіркеушісі мен AIX Орталық депозитарийін (AIX ОД) пайдалана отырып, акционерлер тізілімін жүргізу бойынша негізгі операциялық қадамдар, сондай-ақ инвесторлар өздерінің бағалы қағаздарына одан әрі қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қабылдаулары қажет іс-шаралар көрсетілген.

Акционерлер редомициляциядан кейін не күтуі керек

Алдыңғы тіркеушіден акционерлер тізілімін алғаннан кейін АІХ аталған тізілімге енгізілген әрбір акционердің атына AІХ тіркеушісінде шот ашады. Дұрыс сәйкестендіру және жеке шоттарға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін акционерлер AIX тіркеушісіне белгілі бір ақпаратты (жеке немесе корпоративтік) ұсынуға міндетті:

Жеке тұлғалар үшін

Қажетті ақпарат

  • Аты
  • Тегі
  • Туған күні
  • Азаматтығы
  • Жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) немесе паспорт нөмірі (өзге жағдайларда)
  • Электрондық пошта мекенжайы
  • Мобильді телефон нөмірі
  • Тұрғылықты мекенжайы
Заңды тұлғалар үшін

Қажетті ақпарат

  • Компанияның атауы
  • Тіркелген күні
  • Тіркелген елі
  • БСН / компанияның тіркеу нөмірі
  • Электрондық пошта мекенжайы
  • Заңды мекенжайы

Сұралған ақпарат берілмеген жағдайда шотқа кіру функционалдығы шектелуі мүмкін. Толық қолжетімділік барлық қажетті ақпаратты ұсынғаннан және AIX тіркеушісінің Қызмет көрсету шартының талаптарын қабылдағаннан кейін ашылады.

AIX акционерлер тізілімін алдыңғы тіркеушіден редомициляция туралы ресми шешімнен кейін шамамен 5 жұмыс күнінен соң алады деп күтіледі. Уақыт аймақтарындағы және файлдарды табыстау хаттамаларындағы айырмашылыққа байланысты деректерді өңдеу тағы 1-2 жұмыс күнін алуы мүмкін.

Редомициляция тізілімнің берілуін өңдеу аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен басталады. Осы сәттен бастап акционерлердің ресми тізілімін AІХ тіркеушісі жүргізе бастайды. Бағалы қағаздарына AIX Орталық депозитарийі (ОД) арқылы қызмет көрсетілетін инвесторлар үшін қолжетімділікті ұсыну сыртқы жүйелерден келіп түсетін деректерге байланысты қосымша 2 жұмыс күні мерзіміне дейін кешіктірілуі мүмкін.

Егер редомициляция басталғанға дейін сіздің акцияларыңыз сіздің атыңызға тікелей тіркелмеген болса, сіздің тегіңіз AIX тіркеушісі жүргізетін акционерлер тізіліміне енгізілмейді. Мұның орнына сіздің акцияларға иелігіңіз туралы ақпарат номиналды ұстаушының (мысалы, инвестициялық компания, банк немесе брокер) атымен көрсетіледі. Редомициляция басталғаннан кейін сіз AIX тіркеушісінде өз шотыңызды аша аласыз (А нұсқасы төменде) немесе номиналды ұстаушыға сіздің акцияларыңызды AIX ОД қатысушысының брокерлік немесе кастодиандық шотына аударуды тапсыра аласыз (В нұсқасы төменде) немесе Tabys мобильдік қосымшасы арқылы акцияларды жеке кастодиандық шотқа аудара аласыз (С нұсқасы төменде).

А нұсқасы - AIX тіркеушісіндегі өзінің жеке шоты (меншік құқығын тікелей тіркеу; сауда-саттыққа қолжетімділіксіз)
В нұсқасы – жергілікті брокердегі шот (AIX биржасында белсенді сауда жасау үшін)
С нұсқасы – Tabys қолданбасы арқылы AIX ОД-дағы жеке кастодиандық шот (ұзақ мерзімді сақтау үшін; шотты басқару үшін кеңейтілген онлайн-функционал; сауда-саттыққа қолжетімділіксіз)