Қатысушылардың ағымдағы міндеттемелері
Қатысушылар AIX CSD іскерлік қағидаларымен және AIX CSD рәсімдерімен танысып, тиісті талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі керек. Қатысушыларға AIX CSD-ның негізгі талаптары мен стандарттарын түсінуге көмек көрсету үшін AIX CSD негізгі ағымдағы міндеттемелер туралы нұсқаулықты әзірледі. Егер Сізде ағымдағы міндеттемелерге қатысты сұрақтар болса, Қатысушыларды реттеу командасына хабарласыңыз.
Қатысушы профилі
AIX CSD үшін сұрақтар мен проблемалар туындаған жағдайда дұрыс ақпаратқа қол жеткізу үшін қатысушылар туралы жазбалардың өзекті болуын қамтамасыз ету маңызды.
Мынаны өзгерткісі келетін қатысушы:
- өз профилін (атауы, мекенжайы, жоғары деңгейдегі атқарушы директор, талаптарды сақтау жөніндегі қызметкер) өзгерту үшін тиісті деректерді жаңарту мақсатында Қатысушыларды реттеу командасына электрондық хат жібере алады;
- сауда-саттықтан кейінгі жүйеге қол жеткізе алатын пайдаланушылар тізімін жаңарту үшін қатысушының жауапты тұлғасы қол қойған өзгерту сұрауын Клиринг және есеп айырысу бөліміне жібере алады;
- уәкілетті тұлғалар немесе жауапты тұлға тізімін жаңарту үшін (AIX CSD қағидасы 2.9) өзгерту сұрауын Клиринг және есеп айырысу бөліміне жібере алады;
- депозитарлық шот ашу үшін (Меншікті, Есептеуші, Маркет-мейкер, Ішкі жинақтаушы, Шетелдік жинақтаушы) шот ашуға өтінім беруді Клиринг және есеп айырысу бөліміне жібере алады.
Қатысушыларды қадағалау бағдарламасы
AIX CSD өз қатысушылары AIX CSD іскерлік қағидалары мен AIX CSD рәсімдеріне сәйкес жұмыс істейді деп күтеді. Қатысушыларды реттеу командасы жыл сайын сәйкестік тексерулерін жүргізеді, бұл тексерулер барысында қатысушылар келесі құжаттарды толтырып, broker@aix.kz арқылы ұсынуы керек:
- Сәйкестік туралы мәлімдеме;
- Капиталдың жеткіліктілігі туралы мәлімдеме;
- Вольфсберг тобының корреспонденттік банкинг тиісті тексерілім сауалнамасы (CBDDQ);
- Жоғарыда аталған сауалнамаларда көрсетілген растайтын құжаттар.
Әрбір толтырылған сауалнаманы қабылдағаннан және қарағаннан кейін AIX CSD Қатысушыларды реттеу командасы кездесуде немесе конференц-қоңырауда одан әрі нақтылаулар немесе талқылаулар қажет пе екенін анықтайды.
Егер Сізде қадағалау бағдарламасына қатысты сұрақтар болса, Қатысушыларды реттеу командасына хабарласыңыз.
Есеп айырысу циклінің кестесі
Биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысу T+2/BIS model 2 схемасы бойынша жүзеге асырылады (бағалы қағаздар бойынша жалпы есеп айырысулар және ақшалай қаражат бойынша таза есеп айырысулар) Delivery-vs-Payment (DvP):
- Негізгі есеп айырысу циклі: 11:00 және 11:30 арасында T+2 бойынша;
- Кешіктірілген есеп айырысу циклі: 11:30 және 17:30 арасында Т+2 бойынша;
- Есеп айырысу 17:00-ге дейін T+3 реттелмеген болса, есеп айырысу "өтпеген" болып саналады; AIX CSD өтпеген есеп айырысу рәсімдері қолданылады (AIX CSD Рәсімдерінің «Өтпеген есеп айырысулар» 2-қосымшасын қар.).
- Биржадан тыс мәмілелер бойынша есеп айырысулар AIX CSD Рәсімдерінің 1-қосымшасындағы Кейбір AIX CSD іс-қимылдарының күнделікті кестесіне сәйкес Есеп айырысу күні ішінде жүзеге асырылады.
Кешіктірілген реттеу үшін қатысушылар төлейтін айыппұлдар туралы ақпарат алу үшін AIX CSD тариф кестесіне жүгініңіз және/немесе Клиринг және есеп айырысу бөліміне хабарласыңыз.
Тағайындалған есеп айырысу банктері
AIX Орталық депозитарийі есеп айырысу-кассалық шоттар сақталатын бірқатар коммерциялық банктермен ынтымақтасады. Есеп айырысу-кассалық банктер туралы ақпарат Қатысушыларға оларды тіркеу кезінде немесе Клиринг және есеп айырысу бөліміне жіберілген сұрау салу бойынша беріледі.
Қолма-қол ақша алуға көмектесу
Қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жеңілдету қызметі қолма-қол ақшамен есеп айырысу оқиғасы басталғанға дейін ақшалай қаражатты уақтылы жібергендігі туралы дәлелдемелерді (SWIFT-аударымның түбіртегінің көшірмесі) ұсына алатын Қатысушыларға ұсынылады. Толығырақ ақпарат алу үшін Қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жеңілдету қызметі туралы хабарламамен танысыңыз және/немесе Клиринг және есеп айырысу бөліміне хабарласыңыз.
Сақтау моделі
AIX CSD Сақтау моделі депозитарлық сақтаудағы инвесторларға өздерінің бағалы қағаздары мен қолма-қол ақшаларын өз депозитарийінде тұрақты сақтауға мүмкіндік береді. Олар бағалы қағаздарды сатып алған немесе сатқан кезде брокер сауда-саттық және есеп айырысу міндеттемелерін депозитарийге тапсырады, ол өз кезегінде клиенттің нұсқауы негізінде оларды қабылдауы керек. Клиринг және есеп айырысу бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.