kz
Tabadul Exchange hub жобасы
Бастап

ADX

Кімге

AIX

Тапсырыстардың құны

0.000

Тапсырыстың көлемі

0.0000

Тапсырыстар

0

Мәмілелер

0

Бастап

AIX

Кімге

ADX

Тапсырыстардың құны

37.850

Тапсырыстың көлемі

17

Тапсырыстар

7

Мәмілелер

0

Астана халықаралық биржасы (AIX) мен Абу-Даби қор биржасы (ADX) өкілдері инвесторлардың қор нарықтарына өзара қол жеткізу платформасын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім ADX әзірлеген Tabadul Digital Exchange Hub (Tabadul/Tabadul Hub) платформасы арқылы биржалар арасында екіжақты сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік береді.
2022 жылдың шілде айында ADX Tabadul Hub-ты аймақтағы цифрлық биржалық сауданың пилоттық орталығы ретінде ұсынды. Tabadul нарыққа өзара қол жеткізуді қамтамасыз ету моделі бойынша жұмыс істейді, аймақтық және жаһандық деңгейде сауда жасау мақсатында қатысушы биржалар үшін цифрлық желі құрады. Tabadul-дың мақсаты – онлайн сауда мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, қатысушы нарықтардағы ынтымақтастықты күшейту және өтімділікті арттыру.
2023 жылдың 7 маусымында AIX ADX-пен Tabadul Hub-тың қатысушысы болу туралы келісімге келгенін жариялады. AIX-тің Tabadul-ға қосылуының арқасында платформаның ауқымы мен функционалдығы кеңейеді, бұл инвесторларға сауда құралдарының өтімділігін арттырып, инвестпортфельдерін әртараптандыруды қамтамасыз етеді.
Tabadul биржаларға қарасты брокерлік компаниялар үшін қашықтан қол жетімділікті жеңілдетеді, олардың тығыз қарым-қатынас орнатуға және ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысын нығайтады.

Tabadul Exchange Hub қатысушылары


Астана халықаралық биржасы (AIX)
Толығырақ

Абу-Даби қор биржасы (ADX)
Толығырақ

Бахрейн қор биржасы (BHB)
Толығырақ

Маскат бағалы қағаздар нарығы (MSX)
Толығырақ

Tabadul Exchange Hub-тағы аккредиттелген брокерлер

Freedom Finance Global PLC
+7 (7172) 72-75-55
info@ffin.global
www.ffin.global
Halyk Finance JSC
+7 (7172) 72-58-09
halykfinance@halykfinance.kz
www.halykfinance.kz



Қалай қатысушы болуға болады?

Сіз Астана халықаралық биржасының қатысушысы болып табыласыз ба?

Иә
Жоқ



Тарифтер мен салықтар

Әр биржаның өз алымдары, комиссиялары, баждары мен салықтары бар, олар жергілікті қағидалар мен ережелермен белгіленеді. Tabadul арқылы сауда-саттық сыртқы биржаның алымдары мен салықтарының құрылымына бағынады. Барлық комиссиялар, алымдар, баждар мен салықтар тиісті биржаның валютасымен есептеледі және төленеді. Tabadul-да сауда жасау және тіркелу үшін қосымша ақы алынбайды. Әр биржаның алымдары, төлемдері, баждары мен салықтары тиісті биржаның сайтында көрсетілген. Биржалар қолданыстағы құрылымға өзгерістер енгізуге, сондай-ақ алымдардың, комиссиялардың, баждардың және салықтардың жаңа түрлерін қосуға құқылы.