kz
Әлеуетті эмитенттерге

AIX өсу, әртараптандыру және капиталға қолжетімділік үшін бірегей мүмкіндіктер беріп, жаһандық инвесторлар мен эмитенттерге қарқынды дамып келе жатқан платформа ұсынуға ұмтылады. Өз ықпалын кеңейтуді көздейтін ірі корпорациясыз ба, әлде өзін танытқысы келетін жас компаниясыз ба - біздің биржамыз листинг шеңберінде өз мақсаттарыңызға жету үшін тамаша жағдайлар жасайды.





AIX-тегі листингтің артықшылықтары:

Жаһандық қолжетімділік:

Еуропа мен Азияның қиылысында стратегиялық орналасқан біздің сауда алаңымыздың арқасында халықаралық инвесторларға қолжетімділік алыңыз және өз инвесторлар қорыңызды кеңейтіңіз.

Сенімді реттеушілік негіз:

AIX-тегі листингі қатаң реттеушілік стандарттарға сәйкес келеді, бұл инвесторлардың сенімі мен нарықтық тұтастығын қамтамасыз етеді.

Тиімді листинг процесі:

Жеңілдетілген процедуралар мен біздің тәжірибелі командамыздың қолдауы AIX-тегі листинг процесін қарапайым және түсінікті етеді.

Капиталға қолжетімділік:

Белсенді инвесторлар қауымдастығының қолдауымен әртүрлі капитал көздеріне қолжетімділік алыңыз және бизнестің өсуі мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашыңыз.

Замануи технологиялар:

Өтімділікті арттыратын және транзакцияларды жеңілдететін озық сауда инфрақұрылымы мен инновациялық цифрлық шешімдерді пайдаланыңыз.

Салық жеңілдіктері:

Инвесторлар үшін де, сол сияқты эмитенттер үшін де салықтық жеңілдіктер, олар Қазақстанда халықаралық инвестициялар үшін тартымды бизнес-орта құруға бағытталған.

Мультивалюталық орналастырулар, сауда-саттықтар мен есеп айырысулар:

Қаржы құралдарын кез-келген дерлік валютада шығару мүмкіндігі; мультивалюталық сауда және құрал валютасынан тәуелсіз есеп айырысу.

Листинг бойынша жетекшілікті жүктеп алу
Жүктеп алу

ЕГЕР СІЗ КАПИТАЛ ТАРТҚЫҢЫЗ КЕЛСЕ, БРЕНДІҢІЗДІҢ ТАНЫМАЛДЫЛЫҒЫН АРТТЫРҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ НЕМЕСЕ ӨСУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРТТЕГІҢІЗ КЕЛСЕ, AIX БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ МАҚСАТТАРЫҢЫЗҒА ЖЕТУ ҮШІН ТАМАША ПЛАТФОРМА ҰСЫНАДЫ. ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДА БІЗГЕ ҚОСЫЛЫҢЫЗ ЖӘНЕ ASTANA INTERNATIONAL EXCHANGE-ДЕ БИЗНЕСІҢІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АШЫҢЫЗ! КОМПАНИЯҢЫЗДЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ҚАЛАЙ ШЫҒАРУҒА БОЛАТЫНЫН БІЛУ ҮШІН БІЗДІҢ КОМАНДАМЕН БАЙЛАНЫСЫҢЫЗ. БІЗ СІЗГЕ КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ КӨМЕКТЕСЕМІЗ.