Индекс сипаттамасы
AIX Qazaq Index — бұл қор индексі, ол белгіленген қағидалар негізінде, акциялардың еркін айналысы мен олардың нарықтық капиталдандырылуы ескеріліп есептелген. Индекске Astana International Exchange (АIX), Қазақстан қор биржасында (KASE) және Лондон қор биржасында (LSE) сауда жасайтын қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздары кіреді. Қазақстандық компанияларға Қазақстанда тіркелген немесе табысының бір бөлігін немесе барлығын Қазақстанда алатын немесе операциялық қызметі едәуір дәрежеде Қазақстанда шоғырланған ұйымдар жатады. Индекстің мақсаты - AIX, KASE және LSE-де айналыстағы және индекс құрамына енгізу үшін белгіленген талаптарға сай келетін акциялар құнының өзгерісін өлшеу. Индекс ең алдымен қазақстандық капитал нарығының анағұрлым өтімді сегментінің кірістілігін өлшеу және әлеуетті инвестициялық стратегияларды индекс динамикасымен салыстыру мүмкіндігі есебінен инвестициялық процестің тиімділігін арттыру үшін құрылған. AIX Qazaq Index баға индексі болып табылады, ол төленген дивидендтерді есепке алмайды және дивидендтер төлеуден туындаған құнның төмендеуінен қорғалмаған.
Өлшеу схемасы | Еркін айналымға және өтімділік коэффициентіне түзетілген нарықтық капиталдандыру |
Құрамды қайта қарау жиілігі | Тоқсан сайын |
Компоненттер саны | 13 |
Есептеу жиілігі | Күніне бір рет (күннің соңында) |
Есептеу валютасы | Қазақстандық теңге (KZT) |
Іске қосу күні | 2021 жылғы 2 шілде |
Базалық күн | 2021 жылғы 1 шілде |
Базалық мән | 1 |
2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша индекс құрамы
Белгіше | Компания | Үлесі |
---|---|---|
HALK | Halyk Bank | 13.17% |
KAP | NAC Kazatomprom | 15.00% |
CAA | Central Asia Metal | 1.50% |
FFIN | Freedom Holding Corp | 15.00% |
KTT | Kazakhtelecom | 2.91% |
KTO | KazTransOil | 1.81% |
BCC | Bank CenterCredit | 3.58% |
KCL | Kcell | 4.75% |
KSPI | Kaspi | 15.00% |
KMG | KazMunayGas | 15.00% |
POL | Solidcore | 6.97% |
KEG | KEGOC | 3.15% |
AYRA | Air Astana | 2.14% |
ЖИЫНЫ | 100% |