Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Қазақстанмен байланысты компаниялар акцияларының көрсеткіштерін өлшейтін AIX Qazaq Index индексінің («AIXQI», «Индекс») 19,45 тармаққа (+1,91%), 1016,15-тен (5 қаңтар 2022 ж.) 1035,6-ға (12 қаңтар 2022ж.) дейін көтерілгенін қуана хабарлайды. AIX қалыпты режимде жұмыс істейді.
AIXQI индексі, қор AIX, KASE (Қазақстан қор биржасы) және LSE (Лондон қор биржасы) биржаларында сатылатын тоғыз қазақстандық компаниялар акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттардан тұрады. Олардың ішінде Қазақстанда тіркелген компаниялар немесе операциялық кірісі ішінара, не толығымен Қазақстанда жасалған немесе операцияларының маңызды бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылатын кәсіпорындар жатады.