kz
AIX Qazaq индексінің есептеу әдістемесіндегі және құрамдас бөліктеріндегі өзгерістер
05.01.2022

AIX Индекс комитетінің отырысы және тоқсан сайынғы шолу қорытындысы бойынша 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап индексті есептеу әдістемесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. AIX Qazaq индексін есептеу әдістемесі, қолданыстағы баға кірістілік индекс нұсқасына қосымша, индекстің жалпы кірістілік нұсқасын құруға байланысты өзгерді.

Сонымен қатар, мереке күндері индекстің құрамдас бөліктері саудаланатын биржаларға әсер етуіне байланысты, AIX Qazaq индекстің есептеуіне кішігірім өзгерістер енгізілді.

KCELL 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап AIX Qazaq индексіне қосылды. Жақында жарияланған Kcell компаниясының AIX Qazaq индексінің құрамдас тізімінен шығарылмайтын болды.

Түзетілген есептеу әдістемесі және индекстің жаңа құрамдас бөліктері келесі сілтеме бойынша қолжетімді: Index Overview

Анықтама:
AIX 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ "Белдеу және жол" бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша мәлімет www.aix.kz сайтында қолжетімді.
АХҚО. "Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/
Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.